ЛАТВИЯДАН ЖЕТКЕН АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ ТАБЫС ЕТІЛДІ

АРЕС студенттеріне Латвиядан жеткен арнайы жүлде берілді. Балтық теңізі жағалауыннан келген бағалы сыйлықтарды колледж директорының міндетін атқарушы Шәкіржан Қишуұлы арнайы табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр желтоқсан айында Еуропаның солтүстік-шығысындағы үздік оқу орындарының бірі Даугавпилс құрылыс техникумы онлайн форматта дода ұйымдастырған. Жарыс үштік комбанация бойынша үш күн өтті. Аталмыш бәйгеге Латвия, Польша, Литва, Испанияның автономдық облыстарының бірі Канар аралдары, Молдова, Грузия қатысты. Ал Қазақстан намысын қорғаған АРЕС студенттері Жандарбек Қанатұлы, Әлимұхаммед Зулфуғарин, Айнара Мәжит, Айнұр Сәттіғұлова.

PS: Былтыр сәуірде «APEC PetroTechnic» Жоғары колледжі мен Даугавпилс құрылыс техникумы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Содан бері АРЕС Латвиядағы құрылыс саласындағы ең ірі оқу орнымен ірі жобаларды бірлесіп жүзеге асырып келеді.

Leave a Reply