Шетелдік мамандар АРЕС студенттеріне апта сайын “SPEAKING CLUB” үйірмесін ұйымдастырмақ

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін бірлескен кәсіпорын қызметкерлері АРЕС студенттерінің ағылшын тілін кәсіби тұрғыдан жетілуіне ықпал етпек. Енді «Теңізшевройл» компаниясының білікті мамандары апта сайын АРЕС-ке келіп, жастармен түрлі тақырыпта кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Ол туралы «Ынтымақ Атырау» ҮЕҰ-ның (Үкіметтік Емес Ұйым) директоры Мая Шаменова мәлімдеді.

Ұйым басшысы бүгін АРЕС-ке арнайы келіп колледжбен іскерлік қарым қатынас орнатты. Оқу ордасы директорының міндетін атқарушы Шәкіржан Қишуұлы мен ҮЕҰ басшысы Мая Шаменова өзара ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойды

Мая Шаменова, «Ынтымақ Атырау» ҮЕҰ директоры:
«Біз осыған дейін АРЕС студенттерін ТШО-дағы шетелдік қызметкерлермен бірнеше рет кездестірдік. Оларға Жоғары колледж жастарымен жұмыс жасау өте ұнады. Сіздің студенттер шетелдіктермен емін-еркін сөйлесіп, әзілдесіп, өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Қазір енді мамандар АРЕС студенттеріне ағылшын тілін кәсіби тұрғыдан дамытуға көмектесеміз деп отыр. Олар ерікті түрде келісім берді. Сол үшін де біз колледж қабырғасында «Speaking club» үйірмесін ашпақпыз. Сабақ аптасына екі-үш рет өтеді. Барлығы тегін болады. Айта кететіні, «Ынтымақ Атырау» үкіметтік емес ұйымы «Теңізшевройл» компаниясымен 2012 жылдан бірнеше жобаларды бірлесіп жүзеге асырып келеді. «Speaking club» үйірмесі колледжден бөлек Атыраудағы балалар және жасөспірімдер үйінде бар. Ал ағылшын тілі курстарына баруға мүкіндігі жоқ жандарға көмектесуді жалғастыра береміз»

Leave a Reply