TBL әдісі бойынша ағылшын тілі сабағын өткізу тәжірибесі

«APEC PetroTechnic жоғары колледжі» ЖШС-і 2023 жылдың 05 мамырында Атырау қаласы мен Атырау облысындағы колледждердің ағылшын тілі пәні оқытушылары мен әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне арнап тәжірибе тарату мақсатында демонстрациялық (ашық) сабақ өткізді.

Мақсаты:

-оқу процесінің озық формалары мен әдістерін көрсету;

-оқу құралдарын пайдаланудың дидактикалық тиімділігін талдау;

-сабақты ұйымдастыру әдістерін жалпылау;

-оқу үдерісінің сапасын бақылау;

-тәжірибе алмасу.

Демонстрациялық (ашық) сабақты «APEC PetroTechnic жоғары колледжінің» ағылшын тілі пәні аға оқытушысы, педагогика-психолгия магистрі, педагог-зерттеуші Аяпбергенова Орынгүл Асқарқызы өткізді.

Сабақтың тақырыбы: Getting Things Done 3.09.(сөйлеу және тыңдау сабағы).

Ашық сабаққа облыс көлемінен 15 оқытушы мен әдіскер қатынасты.

Leave a Reply