![](https://apec.edu.kz/wp-content/uploads/2023/02/ISKER-Студенттер-лигасы-20222023-1024x1024.jpg)
Баскетболдан Атырау қаласының Ә.Жармұхамедов есіміне арналған «ISKER» Студенттер лигасы 2022/2023» біріншілігінде APEC PetroTechnic жоғары колледжінің студенттері де қатысуда. Сабақтан тыс уақытта әр сенбі күні өтетін бұл біріншілікте біздің командамыз Атырау бизнес және құқық колледжінің командасына қарсы ойнап, 52:30 есебімен жеңіске жеттік.
Ендігі ойын С.Мұқашев атындағы политехникалық жоғары колледжіне қарсы ойнаймыз. Командамызға қолдау білдіріп, сәттілік тілейміз