– Мен көптеген университеттерді араладым. Өкінішке орай, олардың көпшілігінде студенттер үшін қарапайым жағдайлар қарастырылмаған, материалдық-техникалық база әлсіз. Ал, APEC PetroTechnic колледжінде экскурсия өткіздік, мұнда ұсақ-түйекке дейін қарастырылған. Жастарымыздың осындай заманауи орталықта оқуға мүмкіндігі бар екеніне өте қуаныштымын. Қазақстан бойынша оның баламасы жоқ, өйткені мұнда түлектердің 90 пайызы жұмысқа, соның ішінде шетелге жұмысқа орналасады. Бірақ кейбір университеттердің мамандары тіпті өз елінде де мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмайды. Жоғары колледждің тәжірибесін еліміздің басқа жоғары оқу орындары мен колледждеріне де енгізу қажет. Менің ойымша, бұл жаңа Қазақстанның міндеті, ол үшін 5 маусымда барлық халық дауыс береді, – деді Серік Ерубаев.