![](https://apec.edu.kz/wp-content/uploads/2023/02/Жас-ұстаз-–-тапқыр-ұстаз-атты-колледжішілік-олимпиада-өтті-01-1-1024x1024.jpg)
Ағымдағы жылдың 23-26 қаңтар аралығында педагогтардың педагогикалық идеясы менен шеберлігін шыңдайтын бұл олимпиаданың мақсаты - жас педагогтардың шығармашылық бағытын айқындау және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиада жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталды. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификат берілді.