“ҰСЛ – 2023” ашық біріншілігінен жүлдемен оралдық

2023 жылдың 5-7 сәуір аалығыда С.Мұқашев атындағы Атырау Политехникалық жоғары колледжінде кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық «Ұлттық студенттер лигасы – 2023» ашық біріншілігі өтті.

 «APEC Petro Techni»c жоғары колледжі ұлдар және қыздар арасында волейбол ойынынан бірінші орын, қол добынан бірінші орын, тоғызқұмалақтан екінші орынды иеленсек, үстел теннисінен үшінші орынды қанағат тұттық. Жалпы командалық есепте бірінші орынды қанжығамызға байладық.

Осы лигаға, сабақтан босатып, спортшыларымызға қолдау білдіргені үшін колледжі директоры Мамбетов Қаныш Қайргелдіұлына алғыс білдіреміз.

 

Leave a Reply