Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары


Мурзағалиев Шәкіржан 1975 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Оқуды бітіргеннен кейін еңбек жолын Гурьев ауылшаруашылық техникумында арнайы пәндер оқытушысы болып бастады, осы қызметте екі жыл жұмыс істеген Ш.Қ.Мурзағалиев, 1977 жылы КСРО Қарулы Күштері қатарына әскери қызметке шақырылды. 1979 жылы қызметін аяқтаған соң Гурьев ауылшаруашылық техникумында бөлім меңгерушісі қызметін жалғастырды, содан кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.
2002 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың наурыз айына дейін Мурзағалиев Ш.Қ. Атырау облыстық білім басқармасында басшының орынбасары болып жұмыс істеп, техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау мәселелеріне жетекшілік етті. 2016 жылдың наурыз айынан бастап «APEC Petrotechnic Higher Technic School» ЖШС директорының ұйымдастыру-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың қазан айынан бастап директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап директордың міндеттері тағайындалды.
Марапаттары:
«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен және Ы. Алтынсарин, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі.