Мамандығы: Ақпараттық жүйелер технигі-4S06130105

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай (орта (Толық)жалпы білім беру базасында)

                             3 жыл 10 ай (Орта (толық емес) негізгі білім негізінде)

Оқыту тілі: ағылшын

Оқыту түрі: күндізгі

Біліктілігі: 4s06130105 Ақпараттық жүйелер технигі

Мамандық туралы: түлектердің кәсіби қызмет саласы өнеркәсіп, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару болып табылады.

Түлектердің кәсіби қызметінің пәндері жобалау, әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу және оларды пайдалану технологияларын қоса алғанда, Ақпараттық жүйелерді математикалық, ақпараттық, бағдарламалық, лингвистикалық, техникалық және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

Түлектердің кәсіби қызметінің негізгі функциялары: жобалау; пайдалану; басқару; сүйемелдеу; тестілеу; бағдарламалық-аппараттық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Мансап мүмкіндіктері:

Ақпараттық жүйелер мамандығының түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
-жобалау-конструкторлық;
– өндірістік-технологиялық;
– ұйымдастыру-басқару;
– эксплуатациялық.