APEC Petrotechnic – бұл мұнай-газ секторында жұмыс істегісі келетін және табысты мансап құрғысы келетін барлық тілек білдірушілерге білім беру қызметтерін ұсынатын колледж. Колледж студенттері ағылшын тілінде оқиды. Халықаралық стандарттар мен шетелдік және қазақстандық мұнай-газ компанияларының талаптарын пайдалануға негізделген оқыту сипаты маңызды сәт болып табылады.

 

 

APEC PetroTechnic академиялық серіктестері: Оңтүстік Альберта технологиялар институты – SAIT Polytechnic (Канада); Мальта өнер, ғылым және технология колледжі (MCAST); Қазақстан-Британ техникалық университеті. Біздің түлектер халықаралық және қазақстандық үлгідегі дипломдар мен сертификаттарға ие болады, бұл оларға табысты жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда АРЕС бітірген жас мамандардың 90% – ы еліміздің жетекші мұнай-газ кәсіпорындарында жұмыс істейді.

 

Қазіргі уақытта колледжде OPITO Мұнай және газ Академиясынан халықаралық аккредитация алу бойынша жұмыс жүргізілуде. 2020 жылы барлық мамандықтар бойынша халықаралық сарапшының қатысуымен институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу 5 жыл мерзімге алынды. Мұнай-газ компаниялары, ғылыми қауымдастық және стартаптар арасында серіктестік өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ. қазақстандық компанияларды колледждегі мұнай-газ саласын цифрландыру процесіне тарту үшін Atyrau HUB – халықаралық акселератор және мұнай-газ саласына арналған инновациялар орталығы құрылды. Колледж WorldSkills қозғалысын дамытуға, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және насихаттауға, жас мамандар арасында шеберлікті анықтауға, кәсіби білім беру жүйесіне кадрлар даярлаудың үздік тәжірибесін енгізуге көп көңіл бөледі.