Ағылшын тілінен облыстық олимпиада өтті

«APEC PetroTechnic» жоғары колледжінде 14-ші сәуір күні “Тілдік дайындығы” ЦӘК ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне арналған ағылшын тілінен облыстық олимпиада өтті. Студенттермен қатар, оқытушылар да “Continuing professional development: opportunities and benefits” атты дөңгелек үстелге қатысты.

Шараның мақсаты студенттердің ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімдерін тереңдету, дарынды студенттерді анықтау, дамыту, қолдау болып табылады. Шараға облысымыздың 6 колледжінен 16 студент және 5 оқытушы қатысты.

Облыстық олимпиада нәтижесі бойынша:

 “APEC PetroTechnic” жоғары колледж студенті Бердикулов Аян 1 орынды иеленді. Жетекшісі-Хайрушева Жанна Турлыбековна.

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледж студенті Дин Мария 1 орынды иеленді. Жетекшісі-Акбергенова Айдана Шапигуллаевна.

 “APEC PetroTechnic” жоғары колледж студенті Гилимова Айкөркем 2 орынды иеленді. Жетекшісі- Убигалиева Алтынай Куандыковна.

 “APEC PetroTechnic” жоғары колледж студенті Қожас Сердар 2 орынды иеленді. Жетекшісі-Ихсанова Гульнара Амангельдиевна

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледж студенті Таженова Дана 3 орынды иеленді. Жетекшісі-Акбергенова Айдана Шапигуллаевна.

Аграрлық техникалық колледж студенті Сисенбай Есенжан 3 орынды иеленді. Жетекшісі-Айткалиева Гүлмария Беибетовна.

“APEC PetroTechnic жоғары колледжі” әкімшілігі барлық студенттер мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіре отырып, жүлделі орындарымен құттықтайды.

Leave a Reply