«APEC PetroTechnic» - your start to a successful career. Learn, develop, and become part of the future!

A modern center for training personnel for the oil and gas industry, offering educational programs of international level.

АТЫРАУДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ДӘНЕКЕРЛЕУШІСІ БІЗДІҢ КОЛЛЕДЖДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

by | Jun 12, 2022 | 4 блок | 0 comments

By Nurgul Zhamangarina

Не бары 18 жастағы Еламан Мұхитов қазір Атырадағы ҮЗДІК ДӘНЕКЕРЛЕУШІЛЕРДІҢ бірі. Ол “WorldSkills Atyrau-2022”облыстық кәсіби шеберлік чемпионатында «Дәнекерлеу ісі» бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Қазір «APEC PetroTechnic» Жоғары колледжінде нұсқаушы-көмекші. Енді Еламан Нұр-Сұлтанда өтетін Республикалық додада Атырау облысының намысын қорғамақ.

– Менің мамандығымды ағаларым таңдап берді. Бірақ қазір еш өкінбеймін. Өйткені, олар да дәнекерлеуші. Керек кезде ақыл-кеңес алып тұрамын. Кезінде колледжде оқып жүргенде «Простой сварщик!» дегендер, кейін алдыма келді. Әрине өз кәсібім болғасын қызмет көрсеттім,-дейді үздік дәнекерлеуші Еламан.

Еламан Мұхитов қазір Республикалық жарысқа үлкен дайындық үстінде. Бүтін бір облыстың намысын арқалап барған жерде, бас жүлдемен ораламын деген ойда.

– Облыстық жарыс та оңайға түспеді, негізі. Аудандардан кіл мықтылар келді. Үшінші орын алсақ та жетер деп тұрдым. Олай деу себебім, біз өзге қатысушылардың жұмысын көрмейміз ғой. Сондықтан, өз жұмысың дұрыс болып тұрса да, басқалар менен де жақсы дәнекерлеген шығар деген ой тұрады, көкейде. Бірақ бас жүлде бұйырды. Ол әрине АРЕС-тегі ұстаздарымның арқасы, -дейді Еламан Мұхитов.

Қазір Еламанның басты мақсаты білікті маман атану. Қазақстанда ғана емес шетелде де сұранысқа ие дәнекерлеушілердің қатарынан көріну. «Әлі де үйренерім көп!» дейтін ұланға қолдау көрсетіп, сәттілік тілеп қоялық.

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІН ОЙЛАЙЫН ЖАСТАР ЕЛАМАНДАЙ БОЛСЫН!

0 Comments

Submit a Comment