⚗️ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ХИМИЯ САБАҒЫН «АРЕС PETROTECHNIC» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ ӨТКІЗУГЕ МҮКІНДІК АЛДЫ

Болашақта АРЕС-тің студенті атанғысы келетін мектеп оқушылары бір күндік сабағын колледждің химия зертханасында өткізді.
Ондағы басты мақсат – жаратылыстану бағытына қызығушылығы жоғары ұл-қыздарды, қазірден бастап өзі жақсы көретін мамандыққа баулу, ынтасын оята түсу.
Оқушылар зертхана тәртібіне сай көзіне түссіз көзілдірік тағып, үстіне ақ халат киіп алдымен техникалық қауіпсіздік ережелерімен толық танысты, колледж туралы біраз ақпаратқа қанық болды. Кейін бірден сабаққа емес, кәдімгі зертханалық жұмысқа кірісіп кетті.
Шара соңында мектептен келген ұстаздар колледж басшылығына ерекше алғысын білдірді. Болашақта өздерін тек АРЕС-тен ғана көргісі келетін талапкерлер де жылы лебіздерін аямады.
Аталмыш шара Атырау облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының қолдауымен жүзеге асты.

Leave a Reply