Что читает куратор?

APEC PetroTechnic колледж кітапханасында «Куратор не оқиды. Что читает куратор» атты кітап оқу акциясы өткізілді. Бұл акция кітапханамызда өтіп жүрген «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында жалғасын табуда.

    Бұл акцияға тек кураторлар ғана емес колледж оқытушылары мен студенттері де қатысты. Шара барысында колледждің арнаулы пән оқытушысы Асқар Бимурзаев студенттерге өзінің қалай 5 кітапты оқу методикасымен бөлісіп, қазіргі заманға сай, жан-жақты жаңа ақпараттарға толы кітаптарды оқуға шақырса, колледж қызметкері Мұқашева Жұмағыз апайымыз студенттерге нағашысы, әрі жерлес Атыраулық Ұлы отан соғысының батыры Мұса Баймұхановтың ерлігі  туралы көркем тілмен жазылған «Боздақтың пәк қаны» кітабымен ой бөлісіп, кітапханамызға тарту етті.

    Шарада кураторларымыз да ат салысып өздері оқып жүрген кітаптарымен ой бөлісті. Кураторларымыз А.Қабиденова студенттерге логотерапия ілімі бойынша жазылған Санжар Керімбайдың «Өмірге ғашық болу», «Бейсен және болмыс», «Балалықтан даналыққа» сынды кітаптардың жазылу ерекшелігі туралы таныстырып оқуға шақырса, Ф.Куандықова психологиялық кітабы туралы таныстырып оқуға кеңес берді. Шараға келген студенттер де оқыған кітаптарымен ой бөлісті. Соның ішінде, АиУ-дің 1 курс студенті Қалижанов Ілияс: «Психология бойынша кітаптарды оқи бастағанда, адамдардың әрекеттеріне үлкен мән бере бастадым» — дейді. Қазіргі таңда Ілияс «Oyla» журналдарын жаздырып оқу арқылы технология саласында білмей жүрген қызықты ақпараттарды біліп үлкен қызығушылықпен оқитынын жеткізді.

Добавить комментарий