«Жас ұстаз – тапқыр ұстаз» атты колледжішілік олимпиада өтті.

Ағымдағы жылдың 23-26 қаңтар аралығында педагогтардың педагогикалық идеясы менен шеберлігін шыңдайтын бұл олимпиаданың мақсаты - жас педагогтардың шығармашылық бағытын айқындау және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Педагогикалық олимпиада жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталды. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификат берілді.