⚽️ Өткен жылдың қыркүйек-қазан айларында футзалдан колледж студенттері арасында өткен облыстық лигада Apec PetroTechniс командасы жеңімпаз атанып, Республикалық лигаға жолдама алған болатын.

🥅 2022 жылдың 28 мамыр-2 маусым аралығында Алматы қаласында футзалдан студенттер арасында Республикалық Ұлттық лига өтіп, Атырау облысы атынан Apec PetroTechnic(Атырау) командасы қатысты. Жарысқа 15 облыстан командалар келді.
📌 АРЕС ҚҰРАМАСЫ жеребе тарту кезеңінде Алматы, Ақтау командаларымен бір топта өнер көрсетті. Өкінішке орай, АРЕС Алматы мен Ақтаудан келген ойыншыларға есе жіберді.
📎 Ескере кетейік, Алматы, Ақтау командалары былтырғы жылдың жеңімпаздары. АРЕС құрамасы жеңіліс тапса да мықты командалармен иық тіресе өнер көрсетті.
🏆 Турнирдің жеңімпазы Қостанай командасы, екінші орынды иеленген Ақтөбе, үздік үштікті Өскеменнің жігіттері қортындылады.
🤝 Бұл жарыс біздің құрама үшін жақсы тәжірибе болды. Себебі ApecPetroTechnic командасы Атырау қаласынан барған ең алғашқы ойыншылар.
✅ Командамызға келесі жылға сәттілік тілеп, жақсы нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз!

Leave a Reply