2024 жылғы 15 тамыз күні Атырау облыстық Білім беру басқармасы және облыстық Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» атты облыстық тамыз кеңесінің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары үшін панельдік секциялық отырысы өтті.
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі цифрландырудың қазіргі басымдықтары» тақырыбындағы секциялық отырысқа қатысқан 80 -нен астам техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директоры, директордың орынбасарларына цифрлық технологияларды қолдану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, сапалы контент жасаудың шеберлігі, әрбір білім алушының, педагогтің және білім беру ұйымының қажеттіліктерін ескере отырып, оқу процесін жетілдіруге бағытталған талдау жұмыстары баяндалды.