2022 жылдың 28 мамыр-2 маусым аралығында Алматы қаласында футзалдан студенттер арасында Республикалық Ұлттық лига өтіп, Атырау облысы атынан Apec PetroTechnic(Атырау) командасы қатысты. Жарысқа 15 облыстан командалар келді.
АРЕС ҚҰРАМАСЫ жеребе тарту кезеңінде Алматы, Ақтау командаларымен бір топта өнер көрсетті. Өкінішке орай, АРЕС Алматы мен Ақтаудан келген ойыншыларға есе жіберді.
Ескере кетейік, Алматы, Ақтау командалары былтырғы жылдың жеңімпаздары. АРЕС құрамасы жеңіліс тапса да мықты командалармен иық тіресе өнер көрсетті.
Турнирдің жеңімпазы Қостанай командасы, екінші орынды иеленген Ақтөбе, үздік үштікті Өскеменнің жігіттері қортындылады.
Бұл жарыс біздің құрама үшін жақсы тәжірибе болды. Себебі ApecPetroTechnic командасы Атырау қаласынан барған ең алғашқы ойыншылар.
Командамызға келесі жылға сәттілік тілеп, жақсы нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз!