АРЕС-те Өзбекстан драматургі Саид Ахмадтың «Супер келін» спектаклі сахналанды.

Оны мұнайлы шаһардың театр сахнасына алып келген оралдық режиссер Мұханғали Томанов.
Бұл қойылым қазіргі таңда шынайылығымен өзекті, өміршең. Ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынасты бүкпесіз көрсетеді. Ерке келін қатал да парасатты енененің тәрбиесінде пісіп, жетіліп, соңында әулетке үлгілі әйел болады.
Ене рөлін сомдаған актриса, сахна саңлағы Әдемі Ділханова Фармонбибіні керемет ойнап шықты.
Қойылымнан соң ардагер актриса АРЕС-тің белсенді студенттерімен тілдесіп, ақ батасын берді.
Колледж басшылығы театр ұжымына ерекше алғыс білдірді.

Добавить комментарий