«APEC PetroTechnic» - your start to a successful career. Learn, develop, and become part of the future!

A modern center for training personnel for the oil and gas industry, offering educational programs of international level.

Таэквондошылар командалық есепте бірінші орынға ие болды

by | Sep 28, 2021 | News

By admin

? ТАЭКВОНДОШЫЛАР КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ БІРІНШІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

?27-қыркүйек күні Елордада параспортшылардың VI Жазғы спартакиада ойындары аясында таэквондодан дүбірлі жарыс өтті.

? Еліміздің түпкір-түпкірінен ең мықтылар бас қосқан сайыста “APEC РetroТechnic” Жоғары колледж студенті Бақберген Ғибратжан да өнер көрсетті.

? Қатарынан төрт жекпе-жек өткізген Бақберген үш қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді. Олардың ішінде Азия чемпионы да бар еді. Ал финалдық кездесуде алматылық спортшымен тең түсті(11:11). Алайда, төрешілер жеңіс туын оңтүстік астанадан келген жігітке ұстатты. Бақберген Ғибратжан чемпиондық тұғырға бір табан жақын болды. Десекте, Бақбергеннің күміс медалі алтынға бергісіз жүлде.

? Осылайша Атыраудан барған таэквондошылардың қоржыны 3 алтын, 2 күміс медальмен толығып, топтық сайыста бірінші орынға шықты.

?? Колледж мақтанышы Бақберген Ғибратжанды жеңісімен құттықтаймыз.

0 Comments