Мамандығы: Технологиялық үдерістерді автоматтандыру және басқару 4S07140102
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай (орта (Толық)жалпы білім беру базасында)
3 жыл 10 ай (Орта (толық емес) негізгі білім негізінде)
- Оқыту тілі: ағылшын
- Оқыту түрі: күндізгі
- Біліктілігі: Техник-электромеханик 4S07140102
- Мамандық туралы: түлектер өндірістің барлық саласында басқару үшін ақпаратты өңдеу құралдары мен әдістерін қолданумен байланысты техникалық жүйелерде автоматтандыру, ақпараттандыру және басқару саласында жұмыс істеуге дайын.
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері әртүрлі өндірістердің технологиялық процестерін басқарудың автоматтандырылған жүйелері, әртүрлі мақсаттағы автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйелері, әртүрлі мақсаттағы деректерді қабылдаудың, өңдеудің және берудің автоматтандырылған жүйелері болып табылады
Кәсіби қызметтің мәні өндірістің автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу, құру және пайдалану; технологиялық процестерді, техникалық жүйелерді және жоғары технологиялардың зерттеу объектілерін талдау, болжау және басқару әдістері болып табылады.
Мансап мүмкіндіктері:
Автоматтандыру және басқару мамандығының түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
– Сервистік-пайдалану қызметі;
– Өндірістік-технологиялық қызмет;
– Ұйымдастыру-басқару қызметі;
– Жобалау-конструкторлық қызмет;
– Эксперименттік-зерттеу қызметі;