Қазақстан-Британ техникалық университеті мен Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic Жоғары колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес колледждің студенттері мен түлектері АРЕС Petrotechnic-те үш жыл оқығаннан кейін ҚБТУ-да “қолданбалы бакалавр”біліктілігін тағайындаумен оқуды жалғастыра алады. Бұл бағдарламаның түлектері қазіргі заманғы еңбек нарығы үшін тәжірибеге бағытталған білім мен қажетті құзыреттерге ие болады. Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары индустрияның қажеттіліктеріне бағдарланған жоғары білікті мамандарды алатын болады..