Отбасы академиясы

АРЕС РеtroTechnic студенттері «Отбасы академиясының» негізін қалаушы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі, кәсіби отбасылық Психолог Ержан Мырзабаевпен әкелік жауапкершілік, бала тәрбиесі мен отбасы құндылықтары тақырыбында өткен еркін форматтағы кездесуге қатысты. Іс-шараға колледждің «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 3-курс студенттері және топ жетекшісі Жөкенов Д, бөлім меңгерушісі Иманалиева Г. қатысты. Кездесудің мақсаты – отбасындағы, бала тәрбиесіндегі әкенің ролі, берік қоғам, саналы ұрпақ қалыптастырудағы қажетті дағдылар мен қасиеттерді насихаттау. Жастарға отбасылық құндылықтарды насихаттай келе, жат қылықтардан аулақ болуға кеңес беру, қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғай отырып, мәселенің шешімін табуға жәрдемдесу. Шара соңында қатысушылар отбасылық психологтан кеңес алып, көкейде жүрген сауалдарын жолдады.

Categories: News