7 және 11 – қараша күндері Химия үйірмесінің студенттері «Экологиялық химия» тақырыбы бойынша әртүрлі экологиялық мәселелерді талқылап, шығармашылықпен дайындалған презентацияларын ұсынды. Бұл шара студенттерге экология мен химияның өзара байланысын терең түсінуге, заманауи экологиялық проблемаларды шешу жолдарын зерттеуге мүмкіндік берді. Үйірме мүшелері өз жұмыстарымен көрермендерді қызықтырып, маңызды мәселелерге назар аударды. Құттықтаймыз! Осындай қызықты бастамалар көп болсын!