9 тамыз күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков Атырау облысына іссапармен келді. Мәжіліс депутаты Respublica партиясы Атырау облыстық филиалының өкілдерімен APEC PetroTechnic жоғары колледжінде болып, жаңа оқу жылының дайындығымен танысты. Мамандарды қайта даярлау, білікті арттыру, жұмыспен қамту сияқты мәселелер айтылып, өңірдегі кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі ахуалы талқыланды.