Интелектуалды сайыста APEC студенттері үздік атанды

? Атырау мұнай және газ университеті базасында орналасқан Н. Балғымбаев атындағы Даму және коммуникациялар орталығында «BRAIN RING» интеллектуалды сайысы болып өтті.

?Жастар арасындағы білім бәсекесінде АРЕС студенттері де бақтарын сынап, жүлделі III-орынға ие болды. Ал Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің құрамасы I-орынды ұтып алса, Қазақстан Халық ассамблеясы жанынан құрылған топ II-орынға жайғасты.

? Интеллектуалды додаға колледж атынан «АРЕС TЕAM» командасы қатысты.

? КОМАНДА ҚҰРАМЫ:
? Гүлсара Абдулова, КИП 3-20б;
? Аружан Амандықова, КИП 3-20б;
? Айгерім Исламова, КИП 3-20б;
? Айнара Мәжит, КИП 3-20б;
? Абылай Жолдас, КИП 4-20б.

✅ АЙНАРА МӘЖИТ, «APEC PetroTechnic» Жоғары колледж студенті:
Сайыс кезінде түрлі сала бойынша сұрақтар келді. Тарих, мәдениет, әдебиет, логикалық бағыттағы сауалдар тіпті қызық. Барлығы оңай болды деп айта алмаймын. Біраз ойлануға тура келді. Бірақ біз III-орын аламыз деп мүлде ойламадық. Өйткені бізбен сайысқа түскендердің көбі университет студенттері еді. Жастары да біразға келген, білім жағынан толысып қалған қыз-жігіттер. Бірақ біз үздік үштікке ендік.

?? Білім бәсекесінде колледж намысын қорғаған барша студенттерге алғыс білдіреміз!