Екпе алу – індетті жеңудің төте жолы

? Колледж студенттері №7 Емхананың бас дәрігері Гүлнафис Таңбаевамен кездесу өткізді. Басқосу онлайн және оффлайн форматта өтті.

? Басты тақырып – індетті алдын алу шаралары. Білікті маман коронавирустың негізгі белгілері мен одан сақтану амалдарын тарқатып айтты.

? Сондай-ақ, індетке бірден бір ем вакцина турасында кеңінен сөз қозғады. Талқылау барысында ашық диалог ұйымдастырылып, студенттер медицина қызметкеріне сұрақтарын қойып, сауалдарына лайықты жауаптарын алды.

?‍⚕️Гүлнафис Таңбаева, №7 Емхананың бас дәрігері: «Індетпен қарқынды күресетін тек вакцинация. Екпе алу арқылы біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырамыз. Вакцина алу арқылы өзіңізді, айналаңызды, отбасыңызды вирустан сақтайсыз. Ең бастысы әлеуметтік желіде тарап жатқан түрлі жалған ақпараттарға сенбеңіздер. Екпе алып, ертеңгі күніңізді ойлаңыз»

Abylaikhan Amankayirov

Егер Болашақта өз өмірілеріңізге жақсы өзгеріс енгізгілерініз келсе, қазірден бастап өздеріңізді өзгертуге тырысыңыздар. Еріншектік ешкашан жеңіске жетелемейді.