«APEC PetroTechnic» - your start to a successful career. Learn, develop, and become part of the future!
A modern center for training personnel for the oil and gas industry, offering educational programs of international level.
? Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған “TALAP” КеАҚ-ның Президенті Олжас Ордабаев пен вице-Президент Sanzhar Tatibekov “APEC PetroTechnic” Жоғыры колледжіне арнай іс-сапармен келді.
Алдымен оқу ордасы қызметкерлерімен жиын өткізіп, колледждің ішкі жұмыстарымен толық танысты. Басқосу кезінде колледждің жұмысын жан-жақты жандандыру бағытында түрлі ұсыныс-пікірлер айтылды.
Сондай-ақ, “TALAP” КеАҚ-ның Президенті Олжас Ордабаев пен вице-Президент Санжар Тәттібеков колледждің материалдық-техникалық базасын көріп шықты. АРЕС-тің белсенді студенттерімен де кездесіп үлгерді.
“TALAP” КеАҚ Президенті түстен кейін Атырау қаласындағы колледж басшыларымен кездесіп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында иновациялық технологияларды енгізу және іске асыру тәжірибесін талқыламақ.
0 Comments