Тәрбие мәселесі басты назарда

Әдістемелік орталық пен “APEC Petrotechnic” жоғары колледжі “ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ” тақырыбында бірлескен іс-шара өткізді.

Білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтеріне арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға саланың 150 маманы қатысты.

Конференция мақсаты:
қазіргі әлеуметтік-педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін анықтау және талдау, облыс көлеміндегі әлеуметтік педагогтер мен педагог-психологтардың озық тәжірибелерін тарату.

Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Девиантты мінез–құлықтың жастар арасындағы эмоционалдық нейропсихологиялық ерекшілектері», «Девиантты мінез-құлық: түсінігі, жіктелуі, себептері, алдын алу және түзету», «Колледждегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет: әлеумет тік педагог қызметінің мазмұны, негізгі формалары мен әдістері», «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары», «Нейрогимнастика және Мнемотехника» жаттығулары”, “Жасөспірімдердің бойындағы қорқынышты жеңудің жолдары», «Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің отбасындағы рөлі» сынды тақырыптар қамтылды.

Педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтер жаңа форматтағы қызметінің моделі, ресурстар, мотивацияны көтеруге бағытталған жаттығулар, қарым-қатынасты жақсартудың тиімді жолдары, топтық және жеке жұмыстардың түрлерімен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

Конференция жұмыстары қорытындыланып, ұсыныстар қабылданды.

Categories: 4 блок