Ата-аналарға қашықтықтан оқытуды оңтайлы ұйымдастыруға арналған ұсыныстар:
Бірінші кезекте, сабырлық сақтау аса маңызды, өйткені қашықтан оқыту ата-ана үшін де,студент үшін де стресс тудыруы мүмкін.
Бұл жағдайда студентпен диалог, құрмет пен достық қарым-қатынасын орнату маңызды.
Күннің әдеттегі тәртібі мен ырғағы сақталуы қажет (ұйқы мен сергектік уақыты, сабақтың басталу уақыты, олардың ұзақтығы, үзілістер және т.б.). Күн тәртібіндегі кенеттен пайда болған өзгерістер баланың бейімделу қабілеттерінің айтарлықтай өзгеруіне әкеліп соғады және шамадан тыс алаңдаушылық пен стресске әкелуі мүмкін.
Жұмыс орнын ұйымдастыру өте маңызды. Барлық қажетті заттар көз алдында, қол жетерлік жерде орналасқаны абзал. Сонымен қатар, студент сыртқы кедергілерге алаңдамай, мұқият жұмыс істей алуы керек.Сондықтан студенттің жұмыс орнына үйдегі адамдардың, үй жануарларының кіріп-шығуына шектеу жасау маңызды.
Есіңізде болсын, сіздің балаңыз студент болды және бұл сіз үшін де, ол үшін де жаңа рөл. Бірақ үйде ұл/қыз және студент рөлдері араласып кетуі мүмкін. Үй міндеттерін оқуға талап етілетін уақытты ескере отырып, бөлу ұсынылады.
Сіздің балаңыз алдағы жылдары жеке тұлға ретінде өзгереді, дамиды және бұл-адамның өмірінің осы кезеңіндегі қалыпты даму процесі. Шыдамды болыңыз және балаңыздың жаңа қадамдарына қолдау білдіріңіз.
Жаңа бастап студент болған балаға қалай көмектесе аласыз, пайдалы/көмектесетін сөздер:
- «Сенің қолыңнан келеді».
- «Барлығы жақсы болады», «Сенің қолыңнан келетініне күмәнім жоқ (сенемін)!».
- «Осы бағытта өзіңді сынап көр!… ».
- Қаржы ісін басқару және қадағалау туралы кеңестер.
- Міндеттерді бөлу туралы талқылау және әңгімелесу, өзінің өткен тәжірибемен бөлісу.
- «Бала қызығушылығына көңіл бөлу».
- Іn fit(физикалық белсенді) қалпында қалу туралы ақпарат беру.
- «Мен сені түсінемін», «Кез келген уақытта менімен бөлісе аласын».
- Дұрыс тамақтану мен ұйықтау режімін сақтау туралы еске салыңыз.
- Демалыстар/Каникулдар – демалыс үшін берілген.
- Дау жанжалда артқа шегіну – өзгенің көзқарасын қабылдауды және өз пікірін ауыстыруды білдірмейді.
- Балаңызды жетекші мамандықты қарастыру мен мінсіз таңдау жасауға ынталандырыңыз.
- Балаңызбен қарым-қатынаста “сен әрқашан да”, “сен үнемі” сөздерін қолданбауға тырысыңыз.