Select Page

Біз туралы

1 фон

2012 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласында еліміздің мұнай – газ саласы үшін кадрлар даярлаумен айналысатын «APEC Petrotechnic Жоғары колледжі» ЖШС өз жұмысын бастады. Білім ошағы Оңтүстік Альберта технологиялар институтымен – SAIT Polytechnic (Канада)  стратегиялық серіктестік негізде ашылды.

Халықаралық жүйемен жұмыс істейтін колледж, еліміздің білім беру нарығында өзінің дербес қызметін жалғастырып, көш бастап келеді. Біздің түлектерге халықаралық және қазақстандық үлгідегі диплом мен сертификат табысталып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Бүгінде АРЕС-ті тәмамдаған жас мамандардың 90% еліміздің жетекші мұнай-газ кәсіпорындарында жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта колледжде OPITO Мұнай және газ Академиясынан халықаралық аккредитация алу бойынша жұмыс жүргізілуде.2020 жылы барлық мамандықтар бойынша халықаралық сарапшының қатысуымен институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу 5 жыл мерзімге алынды.

Мұнай-газ компаниялары, ғылыми қауымдастық және стартаптар арасында серіктестік өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ. қазақстандық компанияларды колледждегі мұнай-газ саласын цифрландыру процесіне тарту үшін Atyrau HUB-халықаралық акселератор және мұнай-газ саласына арналған инновациялар орталығы құрылды.

Колледж WorldSkills қозғалысын дамытуға, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және насихаттауға, жас мамандар арасында шеберлікті анықтауға, кәсіби білім беру жүйесіне кадрлар даярлаудың үздік тәжірибесін енгізуге көп көңіл бөледі.

мастерская

Powered by themekiller.com