Select Page

Стэнфорд пен АҚШ-тың өзге де үздік ЖОО-ның қолдауымен қолданысқа енген “COURSERA” онлайн білім беру платформасын «APEC PetroTechnic» Жорғары колледж қызметкерлері белсенді түрде қолданып келеді.

Coursera – бұл көптеген тақырыптар бойынша ашық онлайн курстарды (MOOC) ұсынатын білім беру қызметтерінің платформасы. Coursera бүкіл әлемдегі 150-ден астам танымал университеттермен және колледждермен серіктес. Мұнда 2500-ден астам курстар, жүздеген мамандықтар және 40 миллион оқушысына ұсынылатын төрт ғылыми дәреже бар. Сонымен қатар смартфонға арналған қосымшасы да белсінді жұмыс істейді. Оқу материалдары мен басқа да ресурстар кез келген уақытта, кез келген жерде қол жетімді.

Қазіргі таңда оқу ордасының ұстаздары бос уақыттарын өте тиімді пайдаланып жүр. «Сoursera for campus» платформасындағы түрлі тегін курстарды мұғалімдер тек ағылшын тілінде игеріп, білімдерін толықтыруда. Өйткені, курстардың басым көпшілігі Гарвард, Пенсильвания, Вирджиния және Мичиган университетінің білікті ұстаздарының қатысуымен жене профессорларының қолдауымен жасақталған.

Бұл жерден техникалық, гуманитарлық, медицина және де т.б. түрлі сала бойынша ақпараттар легін тауып, үйренетін дүние көп.

АРЕС туденттері «COURSERA» курстарын жазғы демалысқа шыққан соң толыққанды бастадайды. Колледж әкімшілігінің жүйелеген жоспары бойынша әр студент демалыс күндерін тиімді және пайдалы нәрселермен айналысып өткізуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Еңбек ресурстарын дамыту орталығы халықаралық “Coursera” онлайн білім беру платформасымен 2020 жылдың қазан айында ынтымақтастық жасап, қазақстандықтарға тегін онлайн оқу мүмкіндігін ұсынған еді.

“Coursera” қазақстандықтарға 31 пәннен 4,4 мың онлайн курсты тегін ұсынып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі платформамен келісімшарт жасасқан. Қазір 50 мың қазақстандық IT, гуманитарлық ғылымдар, экономика, физика, медицина, кәсіпкерлік, маркетинг және тағы басқа салаларға арналған курстарды өтіп, білім алуда.

Powered by themekiller.com