«Worldskills Atyrau-2022» ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Worldskills Atyrau-2022» өңірлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Бес күнге жалғасатын чемпионатқа облыстың 21 колледжден 200-ге жуық студент қатысады.
Жастардың қарым-қабілетін 170 сарапшы бақылап, бағасын береді.
Сарапшылар қатарында республикамыздың түпкір-түпкірінен шақырылған халықаралық дәрежедегі мамандар бар.
Іс-шара мақсаты – жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөлу, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау.
Осы жолы қытсушылар 47 құзіреттілік негізінде бақ сынамақ.
Чемпионаттың конкурстық кезеңдері Атырау қаласындағы 9 колледждің алаңдарында өткізіледі. Оның ішінде “APEC PetroTechnic” Жоғары колледжі де бар.
Чемпионатқа қатысып, білімі мен білігін сынға салғалы тұрған жастарға сәттілік тілейміз.

Leave a Reply