“Wordlskills Atyrau  – 2023” өңірлік чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 – 20 сәуір күндері өңірлік “WorldSkills Atyrau -2023” чемпионаты өтті.

“WorldSkils” чемпионаты колледж студенттері арасында түрлі мамандық иелерінің халықаралық кәсіби шеберліктері мен дағдылары бағаланатын беделді жарыс.

Биылғы чемпионатта – конкурстық алаңда 39 біліктілік бойынша 130-дан астам студент өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді.

Жарыстар үш үлкен алаңда өтуде: “Көрме залы”, Атырау сервис колледжі және республикалық APEC колледжінде өткізілді.

«APEC PetroTechnic» жоғары колледжінен Жұмағалиев Нұрболат Бекболатұлы (4 курс) «Электромонтаждық жұмыстары» сайысынан 1 орын, Айжарықов Дінмұханбет Нұрболатұлы (3 курс) «Веб-дизайн және дамыту» 1 орын, Имашева Алина Өркенбайқызы (3 курс) «Графикалық дизайн» 1 орын, Бекболатов Мирас Бекболатұлы (3 курс) «Бизнеске арналған ІТ шешімдер» 1 орын, Сұлтанов Ерасыл Сәлімжанұлы (4курс) «Өнеркәсіптік автоматика» 1 орын иеленді.

Студенттердің қатысуы да жоғары, осымен 8 рет өткізіліп отырған жарысқа қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Облыс колледждерінің біліктіліктер бойынша студенттерді қатыстыруы да көбейіп отыр. Облыстық деңгейдің жеңімпаздары Республикалық жарысқа жолдама алды.

Студенттерімізді сайысқа дайындап, білгенін үйреткен мұғалімдеріміз бенен қолдау білдірген колледж директоры Қаныш Қайргелдіұлына алғыс білдіреміз.

Жеңімпаз студенттерімізді жеңістерімен құттықтай отыра, келесі чемпионатқа сәттілік тілейміз!

Leave a Reply