КТК ойыны

Бүгін «APEC PetroTechnic» жоғары колледжі тарихында алғаш рет мамандық аралық КТК (КВН) ойыны өтті.

Сайысқа «Химиялық технология және өндіріс» мамандығының «Мирастың армандары» құрамасы, «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының «10 павильон» құрамасы және де «Бақылау өлшеу құралдары» және «Мехатроника» мамандықтарынан құрылған «БӨҚ» командалары қатысты.

3 сайыстың қорытындысы бойынша Тілеуіш Төрежан «Үздік ойыншы» номинациясына ие болса,
3 орын – «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы
2 орын – «Химиялық технология және өндіріс»

ЧЕМПИОН – «БӨҚ» командасы, яғни «Бақылау өлшеу құралдары» және «Мехатроника» мамандықтары!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қатысқан командаларға үлкен рақмет!
Келесі ойындарда жолыққанша!