Колледж ішіндегі ағылшын тілінен пәндік олимпиада басталды

“Apec PetroTechnic Жоғары колледжінің” 1 курс студенттері арасында ағылшын тілінен пәндік олимпиада басталды.

Мақсаты :

* Шығармашылық қабілеттерін ашу, ең талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

* Сабақтан тыс жұмыс түрлері арқылы ағылшын тіліне танымдық қызығушылықты дамыту;

* Оқушыларды тіл мәдениеті мен тілдік менталитетті түсінуге тәрбиелеу.

* Ағылшын тілін үйрену кезінде алған білімдерін, біліктерін, дағдыларын біріктіру.

* Оқушылардың көкжиегін кеңейтуге және мұнымен тоқтап қалмауға деген ұмтылысын тәрбиелеу.