APEC “PetroTechnic” Жоғары колледжі мен Атырау индустриалды колледжі ендігі кезекте айтулы шараларды бірлесіп атқармақ.

Қос колледжің басшылары Жанарбек Жарылғасынов пен Тұхфатолла Жұмағазиев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жоғары колледж басшысы өз кезегінде келісімшартта жазылған атқарылар жұмыстардың іс жүзінде тез арада іске асуын баса айтты. Индустриалды колледж директоры жасалған ынтымақтастыққа аса үлкен мән беретінін жеткізді.

Маңызды құжатқа мөр басылып, қол қойылғаннан кейін «APEC PetroTechnic» Жоғары колледж директоры Жанарбек Жаңабайұлы 70 жылдық тарихы бар оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысып шықты.

Колледж ұстаздары мен өндірістік оқу шеберлері атқарып жатқан жұмыстарын көрсетті. 1949 жылы 25 ақпанда құрылған колледж осы күнге дейін бірнеше құрылымдық өзгерістерге түскен екен. Тек, 2012 жылдан бастап «Атырау облысы Білім беру басқармасының «Атырау индустриалды колледжі» болып аталалып келеді.

Тарихы тереңде жатқан оқу нысаны заман көшінен қалмай, оқу үдерісін ұдайы жаңартып отыр. Дәл осындай колледжбен серіктестік, ынтымақтастық, достық қатынас орнату «APEC PetroTechnic» Жоғары колледжі үшін үлкен мәртебе.

Powered by themekiller.com