APEC студенттері Талғайранда өткен жарыста топ жарды

? 8-9 қазан күндері Атырау қаласының іргесінде орналасқан Талғайран тоғайында колледж студенттері арасында “Спорттық бағдарлау және туризмнен” облыстық спартакиада өтті.

? Аталмаш бәсекеде «AРЕС PetroTechnic» Жоғары колледжі алтыннан алқа тақты.

? Екі күнге созылған жарысқа 6 команда қатысып, 30-ға жуық жастар бақтарын сынады.

?‍♂️ Қос кезеңнен тұратын сыннан АРЕС студенттері еш сүрінбей өтіп үздіктердің үздігі атанды. Алғаш кезең «Туртехника» деп аталса, екінші бөлім «Спорттық бағдарлау» түрінен өтті.

? Жарысқа студенттерді физикалық және психологиялық тұрғыдан даярлаған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, команда жетекшісі Сұлтан Нұрланұлының еңбегін ерекше атап өткен жөн.

? КОМАНДА ҚҰРАМЫ:
? Ерасыл Қапизов (ЭНГМ 11/19)
? Қайсар Табылды (КИП 11/19)
? Алмаз Жұмағалиев (КИП 4/18)
? Дариға Қайратова (ТХИ 11/19)
? Махаббат Бағытова ТХИ 11/19

? «AРЕС PetroTechnic» Жоғары колледж директоры Жанарбек Жаңабайұлы студенттермен кездесіп өз алғысын білдірді.

?? Колледж абыройын асқақтатқан команда мүшелеріне алдағы бәсекелерде сәттілік тілейміз!