Выбрать страницу

29 қараша 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай, APEC PetroTechnic жоғары колледжінде өңіріміздің студенттеріне, спортшы жастарына,сондай-ақ ұйымдар мен бірлестіктерінің өкілдеріне жастар сессиясы өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты- жастардың санасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың егемен Қазақстанның демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қосқан үлесін және рөлін бекіту. Кездесуді Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы төрағасы – Ринат Гилажев жүргізді. Сондай-ақ спикерлеріміз: «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары -Қарабаев Бақберген Қасымұлы, Х.Досмұхмедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы,тарих,этнография,археология ғылыми зерттеу орталығының директоры- Сапанов Сайполла Жұмабайұлы, «APEC PetroTechnic жоғары колледжі» ұйымдастыру және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы жанындағы Саяси кеңесінің мүшесі-Хаменова Айнұр Қайыржанқызы патриоттық шараны жүргізуге ат салысты . Шара барысында Елбасы ұсынған Саяси бағытының жетістіктері мен жаһандық,стратегиялық маңызы бар жобалары, келер «2019 жыл-Жастар жылына»байланысты жастардың бастамалары талқыланды. Кездесу барысында жастар өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды.Шара еркін форматта өтті.

IMG_0810

IMG_0843

IMG_0830

IMG_0798

IMG_0805

IMG_0800

IMG_0787

Powered by themekiller.com