? “APEC Petrotechniс” Жоғары колледжінде «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Ұлыстың Ұлы күнін тойлауға колледж қызметкерлері, студенттер мен ата-аналар атсалысты.
Ұлық мерекені атап өтуге келгендер алдын-ала этноауылдарға бөлінді. Әр бөлім қазақтың салт-дәстүрлерін (сырға салу, беташар, бесікке салу, тұсау кесер) көрініс ретінде сахналап, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.
Меймандар қазақтың ұлттық тағамдарына толы мерекелік дастарханнан дәм татып, әсем ән тыңдап, мыңбұралған бишілердің өнерін тамашалады.
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН! АҚ МОЛ БОЛСЫН!

Leave a Reply