«Қолыма қалам алдым … »

APEC PetroTechnic кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында студенттер арасында «Қолыма қалыма алдым…   Проба пера» атты әдеби ойыны ұйымдастырылды. 

     Шараның негізгі мақсаты – колледжде оқып жүрген студенттер арасынан өлең жазатын,  сурет салатын талантты студенттермен танысу, өзге студенттерге таныту.

     Шарамызға студенттер арасынан колледжде құрылған «Make me Shakespeare» кітап клубы мен «Erkindik» art-клубы мүшелерінің студенттері қатынасып, өз шығарған өлеңдері мен суреттерін таныстырды.

       «Make me Shakespeare» кітап клубы президенті, ХТП 2-курс студенті Аманжанқызы Амина көркем әдеби кітаптарды оқып қана қоймай, басқа студенттерге өз ойларымен бөлісуде осы кітап клубының ерекшелігі туралы таныстырса, «Erkindik» art-клубы мүшелерінің студенттері (ХТП 1-курс) Хасанов Мансур өзі жазған «Мысли вслух» өлеңін оқып берсе, Аубекерова Анель (ХТП 1-курс) «Свечи», «Природа» т/б салған суреттері туралы таныстырып өтті.

   Шараға қатысқан студенттеріміз колледж ішінде осындай клубтарын жұмыс жасап жүргенін біліп қана қоймай, өз сұрақтарын қойып, клубқа мүше болуға өтініштерін білдірді.