Выбрать страницу

«Worldskills Atyrau-2021» өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Жүлдегерлерді марапаттау Н. Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында өтті.

«APEC PETROTECHNIC» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ АТЫНАН ЖАРЫСҚА ҚАТЫСҚАН СТУДЕНТТЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ. АРЕС ҚОРЖЫНЫНДА 3 АЛТЫН, 2 КҮМІС, 3 ҚОЛА МЕДАЛЬ БАР.

Дәурен Іздібай – «Өнеркәсіптік автоматика», 1-ОРЫН;
Әлішер Хайролла – «Веб технологиясы», 2-ОРЫН;
Асфендияр Мұхамбетқалиев – «Графикалық дизайн», 2-ОРЫН;
Мұхтар Нәукенов – «Электромонтаж жұмысы», 3-ОРЫН;

Жансая Сапарова – «Зертханалық химиялық талдау», 1-ОРЫН;
Қарлығаш Салауат – «Зертханалық химиялық талдау», 3-ОРЫН;
7Мейірбек Тілесбаев – «Дәнекерлеу технологиясы», 1-ОРЫН.

Ал сайысқа демеушілік еткен Tesla-Tan компаниясы «Электрмонтаж жұмысы» құзіреттілігі бойынша жарысқа қатысып, жүлделі 3-орынды иеленген колледжіміздің студенті Мұхтар Нәукеновке 50 000 теңге табыс етті. Сондай-ақ, Мұхтар оқу орнын тәмамдағасын Tesla-Tan компаниясына жұмысқа орналасуға үлкен мүкіндік алды.


Чемпионатқа қатысып, білімі мен біліктілігін сынға салған «APEC PetroTechnic» Жоғары колледж студенттерін шын жүректен құттықтаймыз! Қашанда жеңіс тұғырынан көрініп, білім ордасының абыройын асқақтата беріңіздер!

Жарысқа облыстың 19 колледжінен 170-ке жуық студент қатысып, жастардың қарым-қабілетін 170 сарапшы бақылап әділ бағаларын берді. Сарапшылар қатарында республикамыздың түпкір-түпкірінен шақырылған халықаралық дәрежедегі тәуелсіз эксперттер де бар.

Осы жолы қытсушылар 33 құзіреттілік бойынша бақтарын сынады.

Powered by themekiller.com