Колледждің IT мамандары “MOODLE” жүйесін біріздендірді

2020 жылдың наурыз айында елде індет басталып, білім ошақтары онлайн форматқа ауысты. Сол кезде оқу жүйесінде біраз қиындықтар туындағаны рас. Алайда, директордың Ақпаратттық технологиялар жөніндегі орынбасары Берік Арыстанов «Дәл осы кезеңде АРЕС-те қиын мәселе туындамады…» дейді.
Берік Арыстанов, Директорыдың Ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары: Жасыратыны жоқ, басқа колледждер онлайнға ауысып, түрлі платформаларды енді игеріп жатқанда, біздің колледждің мұғалімдері еш кедергісіз жұмысын жалғастыра берді. Қашықтықтан білім алып жатқан студенттерде де артық сұрақтар болмады. Өйткені, APEC «Moodle» жүйесін 2016 жылдан бері тұрақты түрде пайдаланады. Қашықтықтан оқыту біз үшін үйреншікті нәрсе сияқты болды.
Ал былтыр АРЕС-тің IT қызметі «Moodle» Халықаралық жүйесін білім беру қызметінде пайдаланатын есептік құжаттармен сәйкестендіріп, заңнамаларға сай қылып жасақтап шықты. Жаңа бағдарлама АРЕС ұстаздарының жұмысын екі есе жеңілдете түсті.
Сондай-ақ, төменде көрсетілген құжаттармен бір жүйеде жұмыс жасауды оңтайландырды.
ОЛАР:
Теориялық оқытуды есепке алу журналы (журнал учета теоретического обучения);
Жеке сабақтарды есепке алу Moodle журналы (журнал учета индивидуальных занятий);
Өндірістік оқытуды есепке алу журналы (журнал учета производственного обучения);
Емтихан ведомосы (экзаменационную ведомость);
Білім алушының үлгерім кітабы (книжки успеваемости обучающегося);
Педагогтердің тарификациялық тізімі (тарификационный список педагогов).
Қазіргі таңда колледждің ІТ мамандары ұстаздар мен студенттердің жұмысын әлі де жеңілдете түсетін бағдарламалар жоспарын жасақтауда.

Leave a Reply