Выбрать страницу

АРЕС Petrotechnic колледжінде  Ғылым күні шеңберінде  «Жас ғалым» жобасы жүзеге асырылуда.  11-сәуір күні  АРЕС Petrotechnic колледжі студенттік ғылыми клубы ғылымға қызығушылығы бар жастарды өздерінің білімдері мен тәжірибесін зертхана алаңында байқап көруге шақырды.

Біздің осындай бастамамызға Атырау қалалық жастар ресурстық орталығы және «Тарлан-Атырау» қоғамдық бірлестігі қолдау танытқан болатын. Сонымен қатар, жобаға қызығушылық танытып, өздерінің ғылымға деген құштарлығын тәжірибеде көрсетуге дайын бір топ колледж студенттері АРЕС колледжінің зерттханаларында эксперименттер бьайқауына қатысып, ғылым күніне арналған слайдтар презентациясын көпшілік назарына ұсынды.

Сайысқа қатысқандар қатарында төмендегі колледждерден командаларп қатысты. Әр командада 4 студент 1 жетекші қатысты. Олар:

  1. Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі
  2. Атырау политехникалық колледжі
  3. Атырау аграрлы-техникалық колледжі
  4. Атырау энергетика және құрылыс колледжі
  5. Атырау индустриалды колледжі
  6. АРЕС колледжі

Ғылыми байқауға әділ бағасын беріп, үздіктерді анықтайтын арнайы әділ-қазы алқасы құрамында:

  1. Салахов Рустам Ахметұлы – АПЕК Петротехник колледжі директоры
  2. Шамбилова Гүлбаршын Кожахметқызы – химия ғылымдарының докторы, профессор, директордың академиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  3. Бисембиев Жасұлан – Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысы
  4. Менжан Хажыгереев – «Тарлан-Атырау» ҚБ төрағасы
  5. Антон Рилей — Канадалық инструктор
  6. Ажигалиев Марат – химия ғылымдарының кандидаты, оқытушы
  7. Мұрынов Бағытжан – физика пәнінің оқытушысы – болды.

Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды. Кіріспе бөлімінде әр команда өз оқу орнын, ондағы студенттердің ғылымға деген қызығушылығы мен қызметі туралы баяндады.  Негізгі бөлім —  Эксперимент алаңы деп аталды. Мұнда қатысушы командалар лабораторияларда дайындаған зерттеу-тәжірибелерін көрсетті.

Сайыстың қорытындысы бойынша:

  1. Атырау политехникалық колледжі — Гран-при
  2. Атырау аграрлы-техникалық колледжі  1-орын
  3. Атырау энергетика және құрылыс колледжі 2-орын
  4. Колледж АРЕС 2-орын
  5. Атырау индустриалды колледжі -3  орын
  6. Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі    3-орын иеленді. «Тарлан-Аьырау» ҚБ атынан барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар тарту етілді.

 

Сондай-ақ белсенді қатысушылар арнаы алғыс хаттармен марапатталды.

Powered by themekiller.com