Спикерлер: Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Нұрлан Мақсотұлы Каримов және Молдабеков Ердос Сарсенбайұлы. Іс-шара барысында спикерлер студенттерге түрлі жағдаяттар бойынша сауалдар қойып, құқық бұзушылықты болдырмау үшін тиісті ақпараттарды түсіндірді.
🤩Студенттер іс-шарада белсенділік танытып, қаржылық сауаттылық бойынша алған білімдерін сынап, шара соңында ұйымдастырылған арнайы тестілеуден өтті. Жақсы нәтиже көрсете білген студенттер арнайы сыйлықтарға ие болды.