Выбрать страницу

Мамандық таңдау кезеңінде жастарға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу , жастардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында APEC PetroTechnic cтуденттеріне Қазақстан Республикасының панкратионнан , жекпе-жек және MMA спорт турлерінен бірнеше дүркін жеңімпазы, пауэрлифтингтен Азия және әлем чемпионы Ишин Алексей Михайловичпен және суда жүзуден Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше дүркін паралимпиада ойындарының жеңімпазы, жақында ғана өткен Индонезияның Джакарта қаласында III Пара Азия ойындарында 2 бірдей алтын медаль алған жерлесіміз Салимгереев Ержан Ермекқалиұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер «XXI ғасырдың жас ұрпағы қандай болу керек? Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде , нені басшылыққа алу керек?Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені уйренуі қажет?»- осы және тағы да басқа сұрақтарына жауап алды. Кездесу жастарымызға пайдалы болды деп есептейміз.

47368699_587643144997331_1713308801366491136_n

47389698_587642688330710_8721182062352007168_n

Powered by themekiller.com