Шіркін, күмбірлеген домбыраның дыбысы! Қазақтың қанын оятып, бүкіл жан дүниеңді тербетеді. Көз алдыңа кезінде болған ұлы шайқастарды, жүйрік аттың шабысын елестете аласың! Осындай сиқырлы дыбыстар таң атқаннан бері колледж қабырғасында да естілді. «Нарынқұм» ансамблі өз өнерін паш етіп, ұйымдастырған ашық сабағының қонақтарын осы әуенмен қарсы алды.
Ашық сабаққа барлық мұғалімдер қатысты. Наурыз мерекесі қай заманнан сақталып келе жатқанын, оның мағынасы неде және қазіргі заманда қалай тойлайтынын студенттер шағын көрініс арқылы көрерменге көрсетіп, жеткізе білді.             Одан әрі қазақтың салт-дәстүрлеріне арналған викториналық сұрақтар қойылды. Барлық қатысушылар белсенділік танытты.
Осылайша Ұлыстың ұлы мейрамы, әз-Наурыз келе жатқанын әр адам сезінді.

Powered by themekiller.com