Қоғамдық денсаулық сақтау институтының ұйымдастыруымен, Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бірлесуімен әлеуметтік жобаларды іске асыру аясында Алкогольден бас тарту күніне орай «Apec PetroTechnic жоғары колледжінің» студенттері арасында «Ғасыр індетінен сақтанайық!» атты конференция өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қазіргі ғасыр дертіне айналып отырған ішімдіктің алдын алу туралы ақпарат беру. Шараға Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог маманы С.К.Каюпов, психологы Н.Ғ.Сұлтанова, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің педагог-маманы Г.А.Досмағанбетова қатысып, тақырыпқа сәйкес баяндамаларын қорғады. Сонымен қатар студенттерге ішімдіктің зияндылығы туралы ақпарат беріліп, олардың қойған сұрақтарына мамандар толықтай жауап берді. Шара барысында түрлі видеороликтер көрсетіліп, ақпараттық оқыту-материалдары таратылды. Шара соңында қатысушыларға кофе-брейк ұйымдастырылды.

IMG_4626

IMG_4645

IMG_4652

IMG_4709

Возникли вопросы?

Powered by themekiller.com