APEC СТРАТЕГИЯСЫ

APEC PetroTechnic- ең жоғары халықаралық талаптарға сәйкес мамандарды дайындайтын білім беру ұйымы және

галочка  Қазақстандағы техникалық және кәсіби білім беретін 3 таңдаулы ұйымның бірі;

галочка  ТМД елдеріндегі техникалық және кәсіби білім беретін 10 таңдаулы ұйымның бірі;

галочка  Әлемдегі техникалық және кәсіби білім беретін 100 таңдаулы ұйымның бірі.

Міндеті 

Оқу процессіне жаңа методикаларды және халықаралық алдыңғы қатардағы тәжірбиелерді енгізуде техникалық және кәсіби білім беруден Қазақстандық модельге айналу.

Стратегиялық мақсаттар

галочка Академиялық көшбасшылықты дамыту және ұстап тұру;

галочка Халықаралық тәжірбие негізінде қазақстандық колледждерге техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің қалыптасуына үлес қосу;

галочка Әлемдік тенденцияларға сай ішкі құрылым мен материалды-техникалық базаны дамыту;

галочка Әлеуметтік қарым-қатынасты дамыту;

галочка Атырау қаласының жастары үшін рухани және патриоттық даму орталығы болу;

галочка APEC PetroTechnic кәсіби брендін табысты түрде дамыту;

галочка Қызметкерлерді басқарудың тиімді жүйесін құру;

галочка APEC PetroTechnic-те қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Академиялық көшбасшылықты дамыту және ұстау

1-мақсат. Халықаралық стандарттарға сай бағдарламалармен кадр дайындау

  • 2017-2018 оқу жылынан бастап оқу процессін өз бетінше іске асыру.
  • APEC студенттеріне халықаралық диплом мен сертификат алуға мүмкіндік беретін, мұнай-газ саласына кадр дайындауға арналған аккредитациялық бағдарлама дайындау.
  • Жұмыс орнындағы оқу жүйесінің дамуы. 2018-2019 оқу жылдарында бітіруші курс студенттерінің 30℅-ы жұмыс орнында оқу жүйесімен қамтамасыз етілетін болады, бұл көрсеткіш 2021-2022 оқу жылдарында 40℅, 2025-2026 оқу жылдарында 50℅-ға өсетін болады.
  • 2017 ж.бастап қолданбалы бакалавр бағдарламасымен кадрларды дайындау жүйесін енгізу.
  • Жұмыс берушілермен бағдарламаның мазмұнын талқылау және келісу.
  • 2016-2017 оқу жылдарынан бастап кадр дайындау 6 мамандық бойынша, 2021-2022 оқу жылдарынан бастап 9 мамандық бойынша жүзеге асады.
  • 2018 ж.бастап барлық бітіруші түлектер скринингілік жүйені қолдана алады.
  • 2016-2017 оқу жылдарынан бастап қазақстандық стандарттар мен халықаралық талаптарға сай студенттерді бағалау методикасы мен өзіндік оқу-методикалық материалдар дайындалатын болады.

 

2-мақсат. Шетелдік ЖОО және колледждермен байланысты жетілдіру.

Шетелдік ЖОО және колледждермен байланыс төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асатын болады:

  • Шетелдік студенттерді тарту- 2018ж. APEC PetroTechnic-те шетелдік студенттер саны 10-нан кем болмайды, 2021ж. 20 студент, 2025ж. 30 студент.
  • Академиялық тұтастық(мобильділік)- 2018ж. академиялық тұтастықты жүзеге асыруға серіктес шетелдік ұйым саны кем дегенде 1-еу, 2021ж. 2-еу, 2025ж. кем дегенде 3-еуге жетеді.
  • Оқытушыларды алмастыру, оқытушылар тәжірбиесі- 2018ж. оқытушылардың 10℅-ы шетелдік оқу орындарымен тәжірбие алмасуға араласа алады, 2021ж. бұл көрсеткіш 15℅-ға, 2025ж. 20℅-ға өседі.
  • Екі дипломды қатар алу- оқу жүйелерін біріктіру бағдарламасының арқасында шетелдік оқу орындарымен біріге отырып бітіруші түлектерге екі дипломды қатар алып шығу мүмкіндігі туады. 2019ж. қарай екі дипломды қатар алу жобасы 1 оқу орнымен, 2022ж. қарай 2 оқу орнымен келісімге келу жоспарлануда.

3-мақсат. Сапалы оқытушылық құрамның дамуы

  • Кәсіпорындарда техникалық бағдарламалар бойынша тәжірбиеден өткен оқытушылық құрамның үлесі 2018ж. 30℅-ды, 2021ж 50℅-ды, 2025ж. 80℅-ды құрайды. Аталған көрсеткіш оқытушыларға студенттерді өндірісте пайдаланылатын ең соңғы технологиялармен оқытуға мүмкіндік береді.
  • Педагогикалық шеберліктен отандық және шетелдік оқу орындарымен тәжірбие алмасу жүйесі құрылатын болады. 2019ж. қарай APEC оқытушыларының 30℅-ы отандық және шетелдік оқу қйымдарымен тәжірбие алмасуға араласатын болса, 2022ж. бұл көрсеткіш 50℅-ға, 2025ж. 70℅-ға өседі.
  • APEC-ке оқытушылар жетіспеушілігі үрдісінің алдын алу үшін оқытушыларды тағылымдамадан өткізу жөнінен тәлімгерлік жүйесі құрылатын болады.
  • APEC PetroTechnic оқытушылық құрамының үнемі кәсіби түрде өсуі үшін кәсіби өзін-өзі жетілдіру, кәсіби өзін-өзі таныту, өзін-өзі кемелдендіру жөнінен жағдай туғызылатын болады.

4-мақсат. Ғылыми-зерттеу қызметінің дамуы.

  • APEC PetroTechnic-те оқытушыларға ғылыммен айналысуға, ғылыми зерттеу бағдарламаларына қатысуға, зерттеулерінің нәтижесін жарық көргізуге барлық жағдай жасалады.
  • Тәжірбие алмасу аясында басқа елдердің зерттеу институттарымен жіне ғылыми қызметкерлерімен қызметтік қарым-қатынас орнайды.
  • APEC PetroTechnic-ке ішкі гранттарды алуға жағдай жасалады, яғни ҚР Білім және ғылым министрлігінен, Халықаралық банктен, т.б..

5-мақсат. Оқу үрдісін автоматтандыру.

  • 2017-2018 оқу жылдарынан бастап барлық оқу үрдісі автоматтандырылатын болады.

Тәжірбиені трансляциялау

1-мақсат. Тәжірбиені трансляциялау моделінің жетілдірілуі.

  • Тәжірбиені трансляциялаудың бірінші кезеңінде

тәжірбие алмасуы үшін және APEC PetroTechnic-ке кезең-

кезеңімен сол тәжірбиенің енгізілуі үшін оқу орындарының қызметін тексеру анализі моделі жетілдірілетін болады. Аталған модель 2017ж. дейін «Кәсіпқор Холдингпен» біріге отырып жасалады.

  • Оқу орнының жағдайын бағалау үшін ж.ргізілген мдель негізінің екінші кезеңінде APEC PetroTechnic тәжірбиесіне шаралар ұйымдастырылатын болады. Тәжірбиені трансляциялаудың соңғы нәтижесі APEC PetroTechnic атына сай сертификат алу болып табылады.

2-мақсат. APEC PetroTechnic сапасының стандарттарын құру.

  • APEC PetroTechnic Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беретін жүйенің «өсу нүктесіне» айналады. Бұл байланыс жүйесінде APEC PetroTechnic-тің өзіндік сапа стандарттары қалыптасады.
  • Жасалған талаптарға сәйкес жылына 1 рет APEC PetroTechnic енгізіп отырған білім беру ұйымдарының аудиты өтіледі.
  • 2018ж. жүргізілген жұмыстарға сәйкес APEC PetroTechnic жасаған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары 1-еу болса, 2021ж. 3-еу, 2025ж. бұл көрсеткіш 5-еуге жетеді.

Инфрақұрылымның дамуы

1-мақсат. Инфрақұрылымның жақсаруы

  • 2019 жылға қарай APEC PetroTechnic-тің энергиялық тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа технологиялар саны 2-еу болса, 2022ж. 5-еуден кем емес, 2025ж. бұл көрсеткіш 7-еуге жетеді.
  • Колледж кампусының қауіпсіздік жүйесін жақсартуға және қоршаған ортаны жақсартуға іс-әрекеттер жасалатын боладыү 2018ж. APEC PetroTechnic жалпы ауданының 70℅-ы, 2021ж. 100℅ көгалдандырылатын болады.

2-мақсат. Материалды-техникалық базаның жақсаруы.

  • Жаңа мамандықтардың ашылуына байланысты шеберханаларды, оқу сыныптарын және кітапханаларды жаңа құралдармен жабдықтау орын алады.
  • APEC PetroTechnic жабдықтаған құралдар жұмыс берушілер мен салалық технологиялық өзгерістерге сәйкес келетін болады.
  • Оқу процессіне вебинарлар, телеконференциялар, компьютерлік симуляторлар, тренажерлар, қызметтік ойындар,т.б.қосылатын болады.
  • 2020 ж.дейін барлық мамандықтар бойынша бағдарламаларға сай құралдармен жабдықтау 100℅-ға сай болады

Әлеуметтік серіктестіктің дамуы

1-мақсат. Жұмыс беруші компаниялармен қызметтік қарым-қатынастардың құрылуы

 

Жұмыс беруші компаниялармен іскерлік қарым-қатынас  төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асады:

  • Оқу бағдарламалары мен жоспарларын дайындауға қатысу- оқу бағдарламалары мен жоспарларын дайындауға қатысатын компаниялар саны 2018ж. 10 болса, 2021ж. 20, 2025ж. бұл көрсеткіш 30-ға жетеді.
  • Өнеркәсіпте жұмыс тәжірбиесі мен тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру(жұмыс орнында оқыту)- 2018ж. келісімшарттар саны-50, 2021ж.- 70, 2025ж.- 80 болады.
  • APEC PetroTechnic студенттерін скринингтен өткізу- скрининг жүйесіне қатысатын студенттер саны 2018 жылы 50℅, 2021ж. -70℅, 2025ж. бұл көрсеткіш 100℅-ға жетеді.
  • Бітіруші түлектері жұмысқа орналастыру- 2018ж. бастап бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы 80℅-ды құрайды.
  • Жұмыс берушілермен серіктестіктің географиясын кеңейту. APEC PetroTechnic-пен серіктестікке келісімшарт жасасқан компаниялардың жалпы саны 150-ге жетеді.
  • APEC PetroTechnic үшін жұмыс беруші компаниялардың қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыру үшін жүйе жасалатын болады, 2021ж. кем дегенде 7 келісімшарт жасалса, 2025ж. бұл көрсеткіш 10-ға жетеді.

 

2-мақсат. Аймақтық атқарушы ұйымдармен, Халықтық кәсіпкерлер палатасымен және өзге де басқарушы емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктермен мықты іскерлік қарым-қатынастар құру

  • APEC PetroTechnic-тің кәсіби бағдарлау жұмысы бойынша Астана және Алматы қалалары мен облыстарының Білім беру басқармаларымен тығыз серіктестік қарым-қатынас орнату. 2018 ж. кәсіби бағдарлау жұмысымен Қазақстанның барлық аумақтары қамтылатын болады.
  • Қажеттіліктерді анықтау үшін мұнай-газ саласындағы кадрға мамандану үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасымен жұмыстар жүргізілетін болады.
  • APEC PetroTechnic студенттері үшін өндірістік тәжірбие және жұмысқа орналастыру бөлімімен бірлесе Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жұмыс жүретін болады.
  • Оқу бағдарламаларын ұстап тұру мақсатында мұнай-газ саласындағы басқарушы емес және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жүргізілетін болады. 2018 ж. 5 мұнай-газ саласындағы басқарушы емес және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жүргізілсе, 2021ж. 10, 2025ж. көрсеткіш 20-ға жетеді.
  • APEC PetroTechnic-тің Индустриалдық кеңесі Қазақстандағы мұнай-газ саласын кадрлармен қаматамасыз ету бойынша сұрақтардың базалық жобасы болады.

Колледжді Атырау қаласы жастары үшін рухани және патриоттық даму орталығына айналдыру

1-мақсат. Идеологиялық тұрғыда сауатты, рухани тәрбиеленген, патриоттық сезімі қалыптасқан жастар жүйесін құру

  • APEC PetroTechnic-тің тәрбие жұмысы еңбексүйгіштікті, өмірді сүюді, қиындыққа қарсу тұру сияқты қасиеттерді жетілдіруге бағытталады;
  • Студенттерді өзін-өзі тәрбиелеу және патриоттық тәрбие беруге арналған әртүрлі семинарлар, тренингтер, командалық ойындар өткізу;
  • Отбасындағы махаббат, ата-анаға деген сыйластық, үлкендер мен кішілерді сыйлау, отбасының өзге де мүшелеріне құрмет сияқты тақырыптарға арналған тәрбиелік шаралар өтетін болады.
  • Өтілген шаралардың нәтижесінде Атырау қаласының қоғамдық өміріне араласатын APEC студенттерінің саны 2018ж. 15℅, 2021ж 18℅ құрайды.

2-мақсат. Студенттер ортасында салауатты өмір салтын сақтайтын қоғам құру.

  • Дұрыс тамақтануды қалыптастыру;
  • Физикалық жаттығулар, жаяу жүріс, таза ауада серуендеу, спортпен шұғылдану сияқты салауатты өмір салтын құру;
  • Ұнамсыз іс-әрекеттерден аулақ болу;
  • Өтілген шаралардың нәтижесінде салауатты өмір салтын құруға араласатын студенттер 2018ж. 50℅ құраса, 2021ж. 60℅, 2025ж. 70℅ құрайды.

3-мақсат. Белсенді өзін-өзі басқару ұйымдарын құру.

  • APEC PetroTechnic белсенді өзін-өзі басқару ұйымы студенттерді шығармашылық тұлға ретінде тәрбиелеуге, оларды азаматтық және жауапкершілікке, өзін-өзі басқару мен әлеуметтік белсенділікке тәрбиелейтін болады.
  • Өзін-өзі басқару ұйымдары ұйымдастырған шаралар саны 2018ж. 10 болса, 2021ж. 15, 2025ж. 20-ға жетеді.

APEC PetroTechnic брендінің қалыптасуы

1-мақсат. Сапалы жаңа брендбук қалыптастыру.

  • APEC PetroTechnic-тің іскерлік беделін арттыру мақсатында 2016ж. қазіргі заманға сай жаңа брендбук қалыптасатын болады.
  • Брендбукте брендтің концепциясы, арнаулы аудиториялар, APEC PetroTechnic жайғасымдылығы және өзге де мәліметтер беріледі.

 

2-мақсат. Кәсіби бағдарлауды дамыту

  • Жұмыс бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру үшін кәсіби бағдарлау жұмыстары оқитын, тұратын жеріне байланыссыз-ақ жүретін болады.
  • Жыл сайын колледжімізге қызығушылық танытатын абитуренттер санын көбейту үшін жүйе құрылатын болады.
  • APEC PetroTechnic-ке түсуге қызығушылық танытатын студенттер саны 2018ж. 700 адам болса, 2021ж. 800-ге, 2025ж. 1000-ға жетеді.

Задача 2.  Развитие профориентации

галочка   Работа будет выстроена по принципу доступности к профессиональной и иной информации, предполагающая создание единого информационного пространства для получения профориентационных услуг независимо от места проживания, учебы и т.д.

галочка   С целью набора лучших студентов для обучения в APEC PetroTechnic планируется ежегодное совершенствование системы привлечения абитуриентов.

галочка   Будет организована эффективная информационная команда для организации профориентационных мероприятий.

галочка   Общее количество абитуриентов, подавших документы для поступления в APEC PetroTechnic в 2018 году составит не менее 700 чел., в 2021 г.-800 чел., в 2025 г.-1000 чел.

Қызметкерлер құрамын басқару үшін нәтижелі жүйе құру

1-мақсат. APEC PetroTechnic қызметкерлерін дұрыс бағалаудың жүйесін құру.

  • 2016ж. қызметкерлер жұмысын нәтижелі бағалауға арналған жүйе құрылатын болады.
  • Қорытынды тек жасалған жұмыс қана емес, еңбек тәртібін сақтауына, еңбек мәдениетін қолдануына қарай шығады.
  • ISO-ның халықаралық стандарттарына сәйкестік 2018ж. 100℅-ды құрайды.

 

2-мақсат. APEC PetroTechnic қызметкерлерінің кәсіби дамуын бағалайтын жүйе құрылуы.

  • 2016ж. APEC PetroTechnic қызметкерлерінің кәсіби дамуы үшін бірыңғай құжат құрылады.
  • Кәсіби даму бағдарламасына қатысатын APEC PetroTechnic қызметкерлері саны 2018ж. 20℅-ды, 2021ж. 30℅-ды, 2025ж. 50℅-ды құрайды.
  • Оқытушылар құрамының кәсіби дамуы оқытудағы жаңа бағыттардың ашылуына, мұғалімнің жеке-шығармашылық стилін қалыптастыруға бағытталатын болады.

APEC PetroTechnic қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету

1-мақсат. Нәтижелі қаржылық жоспар жүйесін құру.

  • Шығындарды жоспарлау даму стартегиясына сай жүзеге асырылады.
  • 2018ж. қорытындыс бойынша қаржылық нәтиже 150млн кем емес, 2021ж. 200млн, 2025ж. 250млн. жетеді.

2-мақсат. Коммерцияландыруды дамыту.

Коммерциялық бағыттың негізгі көздері:

  • Өндірістік оқыту, мұнай-газ саласы бойынша кадрларды оқыту және қай оқыту;
  • Дәнекерлеу ісінде кәсіби оқыту;
  • Өндірістік емес пәндер бойынша(өнеркәсіптік қауіпсіздік курстары, қауіпсіздік курстары, ағылшын тілі курстары, т.б.) білім беруді жетілдіру;
  • 2016ж. APEC PetroTechnic-тің коммерциялық дамуының мделі ұйымдастырылатын болады.
  • Коммерциялық дамуды жүзеге асырудың өнімді жоспары нәтижесінде коммерциялық жобалардан түсетін пайда 2018ж. 20℅-ды, 2021ж. 25℅, 2021 ж. 30℅-ды құрайтын болады.

 

 

Возникли вопросы?

Powered by themekiller.com