Қабылдау ережесі

ЖҮКТЕУpirzöldos-nyíl-lefelé

«APEC PetroTechnic жоғары колледж» ЖШС оқуға қабылдау ережесі

  1. Жалпы ережелер
  1. “APEC PetroTechnic жоғары колледжі” ЖШС-не оқуға қабылдаудың осы ережелері (бұдан әрі – ереже) “Білім туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – “Заң” сәйкес “APEC PetroTechnic Жоғары колледжі” ЖШС (бұдан әрі-АРЕС) оқуға қабылдау тәртібін белгілейді. Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 9 қазандағы    № 553 бұйрығымен бекітілген.
  2. Техникалық және кәсіптік оқыту бағдарламасына негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатпен (куәлік, аттестат) ерекше білім қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
  3. Орта білімнен кейінгі білім беру (қолданбалы бакалавриат) бағдарламалары бойынша оқуға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатпен (аттестат) ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
  4. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған тұлғалар үшін қабылдау квотасы көзделеді. :

– Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне берілген жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдар;

– Қазақстан  Республикасының  азаматтары болып  табылмайтын  ұлты қазақ адамдар;

– Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған немесе айырылған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары арасындағы  Қазақстан Республикасының азаматтары.

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар оқуға тек ақылы негізде қабылданады.

 

  1. Оқуға қабылдау тәртібі

1. Жеке тұлғалардан оқуға түсуге өтініштерін қабылдау үшін, қабылдау емтихандары мен білім алушылар құрамына қабылдау үшін 1 маусымнан кешіктірмей АРЕС басшысының бұйрығымен қабылдау комиссиясы  құрылады, ол мүшелерінің тақ санынан тұрады.

Қабылдау комиссиясының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Конкурстық комиссияның  құрамынан көпшілік дауысымен төраға сайланады. Қабылдау комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысса, онда оның шешімі  заңды болып саналады. Қабылдау комиссиясының шешімі емтиханға қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

  1. Өңірлерге барып адамдарды оқуға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері “Кәсіпқор”Холдингі КЕАҚ-ның келісімі бойынша шешіледі.
  2. Адамдарды оқуға қабылдау конкурс негізде өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
  3. Оқуға қабылдау туралы өтініштерді қабылдау 20 маусымнан 01 тамызға дейін жүзеге асырылады.

5.Оқуға түсушілер оқуға қабылдау туралы өтінішке білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы флюрография суретін қоса береді., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 “медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы” бұйрығымен бекітілген I, II топтағы мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы және 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет қажет етіледі.

Оқуға түсу үшін құжаттарды талапкердің  өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

Оқуға қабылдау квотасы берілген тұлғалар санатын растайтын құжаттарды ұсынады.

  1. Ақылы оқуға түсушілердің өтініштері бөлек тіркеледі.
  2. Ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарды оқуға қабылдағанда заңды өкілдердің біреуінің өтініші негізінде таңдаған мамандығы бойынша оқуға қарсы айғақтардың жоқтығы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
  3. Қабылдау емтихандары:

Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін:

1) негізгі орта білім бар тұлғалар  үшін негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (ағылшын тілі және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі.;

2) жалпы орта білім бар тұлғалар  үшін  үш пән бойынша (ағылшын тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі.;

3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар  үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі.;

4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар  үшін әңгімелесу нысанында өткізіледі.

  1. Орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) білім бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін:

1) жалпы орта білім бар тұлғалар  үшін  үш пән бойынша (ағылшын тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі.;

2) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар  үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі.;

3) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар  үшін әңгімелесу нысанында өткізіледі.

Қабылдау емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Қабылдау емтихандарын өткізу күні мен уақыты, орны көрсетілген кестеге сәйкес  білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі және емтихан өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ақпараттық стендтерде және АРЕС интернет ресурстарында орналастырылады.

  1. Қабылдау емтихандары 1-10 тамыз аралығында өткізіледі.

Қабылдау емтихандары тестілеу түрінде өткізіледі.

Тестілеу нысанында қабылдау емтихандарын өткізу кезінде әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының (сұрақтардың) саны 25; әрбір тест тапсырмасына дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін бірден ілінеді; тестілеу нәтижелері тестілеу өткізілген күні хабарланады.;

Қабылдау емтихандарының пәндері бойынша алынған баллдар келесі шкала бойынша бағаға ауыстырылады: “3”-8 балл, “4” – 17 балл, “5” – 25 балл.

Пәннен 8 балдан төмен алған тұлға конкурсқа жіберілмейді.

  1. Қабылдау емтихандары оқуға түсушілердің өтініштеріне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі..
  2. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.
  3. Мамандықтар бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі Ереженің 1-қосымшасына сәйкес айқындалады.
  4. Орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) мамандықтар бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі Ереженің 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.
  5. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) және пәндер бойынша емтихандарды бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқықтарын қорғау мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссияның мүшелерінің құрамы тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссияның құрамы тестіленетін пәндер бойынша АРЕС-тің  педагогикалық қызметкерлері қатарынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагог қызметкерлердің саны кемінде екі адамды құрайды. Апелляциялық комиссияның құрамынан көпшілік дауыспен төраға сайланады. Хатшы апелляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.

  1. Қабылдау емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалар апелляцияға өтініш береді.

Апелляцияға өтініш қабылдау емтихандардың  нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берушінің қатысуымен бір күн ішінде қарайды.

  1. Егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, апелляциялық комиссияның шешімі заңды деп саналады. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы хаттамалармен ресімделеді, оған апелляциялық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері қол қояды.
  2. Оқуға қабылдау конкурсын өткізу кезінде қабылдау емтихандарында жинаған баллдар жиынтығы ескеріледі.
  3. Білім алушылар құрамына қабылдау 10 тамыздан 15 тамызға дейін жүргізіледі.
  4. Оқуға қабылдау Қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандықтар бойынша жүргізіледі.
  5. Қабылдау нәтижелері туралы ақпарат түсушілердің назарына 20 тамызға дейін жеткізіледі. Қабылдау комиссиялары ақпараттық стенділерге немесе интернет ресурстарға орналастыру арқылы жүзеге асырады.

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ереженің 1-қосымшасы

 

Техникалық және кәсіптік білім беру үшін

мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер

Тізбесі

 

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандығының коды Мамандық атауы Бейіндік пән атауы:
негізгі орта білім (негізгі жалпы) орта білім (жалпы орта)
0800000 – Мұнай-газ және химия өндірісі
0801000 Мұнай мен газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша) Математика Математика
0809000 Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша) Математика Математика
0821000 Мұнай және газ  өндіру технологиясы Математика Математика
0823000 Химиялық  инжиниринг технологиясы Химия Химия
0828000 БӨА инжинирингі технологиясы Физика Физика
0900000 – Энергетика
0902000 Электрмен жабдықтау  (бейін бойынша) физика физика
1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар.

Электрондық техника

1302000 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) Математика Математика
1305000 Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша) Математика Математика

 

 

 

 

 

 

Ереженің 2-қосымшасы

 

Орта білімнен кейінгі білім беру

үшін мамандық бейіні

бойынша жалпы білім беретін пәндер

Тізбесі (қолданбалы бакалавр)

 

 

 

Орта білімнен кейінгі білім беру мамандығының коды Мамандық атауы Жалпы орта білім негізінде бейіндік пән атауы
0800000 – Мұнай-газ және химия өндірісі
0809000 Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша) Математика
0900000 – Энергетика
0902000 Электрмен жабдықтау  (бейін бойынша) физика

 

 

 

Возникли вопросы?

Powered by themekiller.com